Олар жағдайлары қиын екенін жеткізуге тырысты
Елордада той-бизнес өкілдері әкімдік алдына жиналды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Олар тойханаларды ашуды талап етті. 3 айдан бері табыссыз қалған жұрт, 42 мың 500 теңгені місе тұтпай отыр. Мейрамхана қожайындарымен бірге аспаз, даяшы, тіпті асабалар мен әртістер де ере келген.
«Қарапайым жұмыскерміз. Мен 3 ай үйде жатырмын. Азық-түлік, жүріп-тұруым бар, 42 500 қайда жетеді? Пәтер ақысын қалай төлеймін?! Жиналғандар адам көп жүретін сауда орталықтары, дәмханалар ашылып, тойханаға рұқсат берілмегеніне наразы. Олар санитарлық ережелерді қатаң сақтауға да дайынбыз», - дейді тойхана әкімшісі Ерлан Есенмұратов.
Әкімдік өкілдері той өткізуге қатысты соңғы сөзді Бас мемлекеттік санитар айтатын жеткізді. Олар халықты сабырға шақырып, жиналғандардың уәжін санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жеткіземіз деп уәде етті.
«Біз санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірге бұл мәселемен айналысамыз. Өйткені санитарлық нормаларды бекітетін солар. Неше адамға дейін кіргізуге болады, санитарлық жағдайды қалай бақылау керек сол жағын шешеді»,- деді қалалық сауда және қызмет көрсету саласы бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов