Іс әлі тергеліп жатыр
Алматы облысы Талғар ауданында адам қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың үйін өртеген адамды табу үшін Қазақстан Ресейдің спутник жүйесінен сурет сұратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді
«Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Көп сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындывы бойынша белгілі бір нәтиже де бар. Қазір тергеу неге тоқтап тұр десеңіздер, біз Ресейге халықаралық тергеу тапсырмасын жолдадық. Осылайша, спутинк арқылы сол үйдің маңында қандай көліктер тұрғанын көргіміз келеді. Біраз уақыт керек», - деді ол.
Айта кетейік, Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот талқылауы онлайн өтетін болды.