Көпшілік оған жылы тілектерін жазған
Қазақтың үйлену тойында орыс ұлтынан шыққан келін қазақша сөйлеп, енесіне сәлем салды. Әлеуметтік желідегі видео көпшіліктің ықыласына ие болып, келінге баталарын берген, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Мама жаным, сізге сәлем саламын. Сізге көп-көп рақмет. Сіз болмасаңыз, мен осылай тұрар ма едім!? Азамат-Жадыра бақытты болыңдар. Бір-біріңді аялаңдар. Көкеме де алғыс», - деген келін иіліп сәлем салды.
Халық бұл келіннің қазақшасынан гөрі, оның тәрбиесіне тамсанып, алғыс айтқан.
«Бұндай келін болу екінің бірінің қолынан келмейді. Мұндай келін болу – үлкен өнер». Мәселе оның қазақ тілін білуінде емес, мәселе – оның туыстарға деген құрметінде. Сол себепті де оған өзгелер де махаббатпен, құрметпен қарайды. Сондықтан да ол осындай шынайы жан», – деп пікір жазған халық.