Тұрғындардың айтуынша, қыз бала биік үйден құлап кеткен
Бүгін, 8 сәуір күні күндіз Алматыда жасөспірім қыз биік ғимараттан құлап, сол үйде тұратын адамдардың көзінше мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға «Алтын Бұлақ 2» тұрғын үй кешенінің аумағында болған. Бұл үй – Алматының Алмалы ауданында орналасқан. Тұрғындардың айтуынша, қыз биіктен төмен қарай құлап түскен. Оқиға орнына келген полиция қылмыстық іс қозғады.
«Алмалы ауданының полиция басқармасы осы фактіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады агенттікке Алматының полиция департаменті.