Бала адам өтетін жолмен кетіп бара жатқан
Қазақстанда тағы бір оқушы жаяу адам өтетін жолмен кетіп бара жатқан жерінде көлік қағып, ауруханада мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол апаты 4 сәуір күні Айша Бибі атындағы спорт кешенінің жанында болған. Бала бағдаршам жоқ, бірақ адам өтуге арналған жолмен кетіп бара жатқанда Mercedes-Benz мінген жүргізуші оны өткізіп жібермей, қағып кеткен. Бала ауыр жараланып, ауруханаға түскен. Өкінішке қарай, баланың беті бері қарамай, көз жұмды.
«Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші ұсталды», - деп хабарлады Жамбыл облысының полиция департаменті.