$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында біреудің қорасына 11 рет ұрлыққа түскен топ ұсталды (ВИДЕО)

Жамбыл облысындағы ұрылар 9 рет  ұрлық жасап, 103 ұсақ малды алып кеткен

Алматы облысында біреудің қорасына 11 рет ұрлыққа түскен топ ұсталды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Ішкі істер министрлігі наурыз айында «Мал ұрлығы» атты шара өткізіп, 21 күннің ішінде мал таситын 54 мыңнан көлікті, ет пен мал сатып алатын 17 мыңнан астам орын мен 28 мыңнан астам шаруа қожалықтарын тексерген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сол шара барысында Астана, Алматы мен Шымкентте заңсыз жұмыс істеген 13 цех анықталған. Мал ұрлығына қатысы бар 131 адам анықталған.

«Бұдан өзге, 23 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойдық. Мал ұрлығы бойынша 135 іс ашылып, 580 мал иелеріне қайтардық», - дейді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Осы акция аясында Алматы облысында 11 рет мал ұрлаған екі топ, ал, Жамбыл облысында 103 ұсақ мал ұрлаған 9 факт анықталған.

Серіктес жаңалықтары