Бейнеуде 11 оқушы астан уланып ауруханаға түскен

Автор: Бақыт Шынар

Балаларды дәрігерлер тексеріп, үйіне қайтарған

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының мектебінде 11 оқушы астан уланып, ауруханаға түскен. Балаларды дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Lada.kz сайтына сілтеме отырып.

Оқиға 1 сәуірде болған. Дереккөзге сүйенсек, 9-12 жас аралағындағы 11 баланың жүрегі айнып, құсқан, әлсіздік сезінген.

«Дәрігерлер балаларды тексеріп, үйлеріне қайтарған. Қазір балалардың денсаулығы жақсы, қазір амбулатория деңгейінде ем қабылдап жатыр», - деп хабарлайды дереккөз.