02.04.2025, 10:30
Оқиғалар
Түркістан облысында Беларусь блогерлерінен пара алған полицейлер жұмыссыз қалды
Бұл туралы бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлім етті
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Бұған дейін жазығынымыздай, Беларусь елінен келген блогерлерді Сайрам-Шымкент тас жолында жол полициясы тоқтатып, «техникалық тексеруден өтпегенсіздер» деген сылтаумен 200 мың теңге пара алған. Бүгін Мәжілісте журналистердің сұрағына жауап берген ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха олардың жұмыстан кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазір бұл қызметкерлерге қатысты тексеру жүргізіп, іс қозғадық. Олар енді полиция қатарында жұмыс істемейді», - дейді ол.
Айта кетейік, бұл оқиғаны Беларусь блогерлері видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салғаннан кейін резонанс туған еді.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды