02.04.2025, 10:00
Оқиғалар
Қаскелеңде сот залынан қашып кеткен қауіпті күдікті әлі табылған жоқ
Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлім етті
Фото: egov.press/t.me
Кеше Қаскелеңде, тура сот залынан қашып кеткен аса қауіпті күдікті әлі табылған жоқ. Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Иә, кеше Қаскелең сотынан қашып кетті. Біздің орган қызметкерлерінің өз ісіне аса жауапты қарамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күлдікті әлі табылған жоқ. Табамыз», - деді Игорь Лепеха.
Естеріңізге сала кетейік, Қаскелеңде адам зорлау фактісі бойынша ұсталған М. есімді 30 жастағы күдікті аудандық сот залына келгенде қашып кеткен. Полиция Алматы облысы бойынша дабыл қағып, оны жан-жақтан іздеп жатыр.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды