Ақмола облысының мемлекеттік мекемесінен ақша жымқырған әйел ұзақ жылға сотталды

Автор: Бақыт Шынар

Сондай-ақ ол бұрынғы мекемеге 240 млн теңге қайтарып берген

Ақмола облысының Жарқайың ауданының соты мемлекеттік мекеменің бұрынғы бас бухгалтерін лауазымын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде ақша ұрлағаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облысының прокуратурасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, сотталған әйел сондай-ақ мекемеге 240 млн теңге қайтарған.

«Оған коммерциялық және басқа ұйымдарда 7 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқаруға тыйым салынады», - деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.