Ақжар ауданындағы көлік қозғалысы қиындаған
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданына қарасты Қазан ауылының жолын су шайып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Редакциямызға видео жолдаған тұрғындар көлік қозғалысы қиындағанын айтады. Видеодан байқап отырғанымыздай, жолды түгелдей су шайып кеткен, бірнеше техника бөгет қойғалы жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін жазғанымыздай, Астана-Павлодар тас жолын да су басып, 200 тонна құм мен 800 қап дайындалған еді.