Аналар енді салық төлемейді - Венгрия жаңа заң қабылданбақ

Автор: Темірхан Айжан

Виктор Орбан Еуропа тарихына өзгеріс алып келмек 

Фото: Getty Images

Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан елдегі балалы әйелдерді қуантты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бір баласы бар әйелдер 30 жасқа толғанша табыс салығынан босатылады, ал екі не одан көп баласы бар әйелдер өмір бойына салық төлемейді.

«Венгрия бүкіл Еуропа тарихында алғашқы болып ең аз салық салатын мемлекет болады. Біз әлемде бірінші рет отбасына бағытталған экономиканы құрып жатырмыз», - деді ол Х платформасында жария болған видеода.