Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады
Бас прокуратура Алматыдағы экс-судья Светлана Жоламановаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас прокуратура тергеудің мәліметтерін ұсына отырып, Светлана Жоламанова 2021-2024 жылдар аралығында жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы азаматтардың 1 миллиард теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын қолды қылған.
«Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іске бірікті», - деп хабарлайды Бас прокуратура.