БҚО-дағы Шідерті өзені арнасын асты: бір көпірді су шайып кетті (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

ТЖМ жағдай бақылауда дейді

Фото: скриншот

Бүгін, 17 наурыз күні Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында қар қатты еріп, Шідерті өзені арнасынан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

ТЖМ-ның мәліметіне сүйенсек, Ақсай-Жымпиты автожолының 27-ші шақырымында, Аралтөбе ауылының жанындағы уақытша көпірдің айналасын су шайып кетіпті.

«ТЖМ жағдайды бақылап отыр. Жергілікті атқарушы органдар мен полиция департаменті қызметкерлері кезекшілік атқарып жатыр. Тұрғындарға хабар бердік, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлайды ТЖМ.