Қарағанды облысында 59 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінге дейін облыста 932 адам індетпен ауырды

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте Қарағанды облысында 59 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

«Өткен тәулікте ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 59 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Тіркелген жағдайлар скрининг барысында және вирусты жұқтырған адамдармен жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде белгілі болды. Атап айтсақ, Қарағанды қаласында – 33 адам, Теміртау қаасында – 15, Нұр-Сұлтан қаласынан келген – 1, Саран қаласында – 1, Абай ауданында – 1, Бұқар жырау ауданында – 8 адам анықталды», - делінген хабарламада.   

Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр.  

Ауру ошақтарында зарарсыздандыру шаралары жүргізілді.

31 мамырдағы жағдай бойынша, облыста жалпы 932 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, олардың ішінде 3 адам қайтыс болып, 243 науқас жазылып шыққан.