Видеоны ТЖМ мамандары түсіріп, желіге тартатқан
Құтқарушылар Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауданының «Ырғыз-Нұра» жолында батпаққа батып қалған жедел жәрдемді сүйреп шығарған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігі өзінің «112» парақшасына осы операцияның видеосын жүктеген. Видеода екі аудан арасындағы жол көктем келе қандай ауыр жағдайға түскенін, ал оған батып қалған жедел жәрдемнің ескі типтегі көлік екенін көруге болады.
«ТЖМ құтқарушылары көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Жолаушы сапарын әрі қарай жалғастырды. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», - деп жазды видео астына ТЖМ.