Көлік прокуратурасы магистральді мемлекеттің меншігіне қайтарды
Маңғышлақ станциясынан Ақтау теңіз портына дейінгі магистральдық теміржол «Каскор-Транссервис» компаниясына өтіп кеткен. Бас көлік прокуратурасының бастамасымен бұл жол мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Бас көлік прокуратурасы жеке компанияның Маңғышлақ станциясынан Ақтау теңіз портына дейінгі магистральдық теміржол жолдарын иелену фактісін анықтады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес магистральдық теміржол жолдары мемлекет меншігінде болуы керек.Сот «Каскор-Транссервис» АҚ-на теміржолды мемлекеттік меншікке беруді міндеттеді», - деп хабарлайды Бас көлік прокуратура.
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты прокуратураның бұл талабын бүгін, 14 наурыз күні қанағаттандырған.