АҚШ-та жолаушылар ұшағы жанып, 20 адам ауруханаға түскен

Автор: Темірхан Айжан

Жолаушылар түтінге тұншыққан 

Фото: istockphoto.com

Денвер халықаралық әуежайына қонған American Airlines ұшағының қозғалтқышы жанып кетті. Жеңіл жарақат алған 20 адам ауруханаға түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

АР-тің жазуынша, 1006 рейс Далластағы Колорадо-Спрингс әуежайынан ұшып шыққан соң, экипаж қозғалтқыштан ақау шыққанын хабарлаған. Ұшақ бағытын өзгертіп, қонуға мәжбүр болған.

Boeing 737-800 ұшағының қозғалтқышы жанып кеткен. Түтінге тұншыққан жолаушылар дереу ұшақтан түсірілді.

Әуекомпанияның өкілдері 172 жолаушы мен 6 экипаж мүшесінің терминалға жеткізілгенін хабарлаған.