Ол тәртіп шілдеде күшіне енеді
2025 жылдың шілде айынан бастап Әзербайжанда жақын туыстар арасындағы некеге заң жүзінде тыйым салынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Милли Меджлистің отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі комитеті ұйымдастырған қоғамдық тыңдау барысында Әділет министрінің орынбасары Абиддин Гусейнов мәлімдеді.
Оның айтуынша, жаңа заңның мақсаты – отбасы денсаулығын қорғау және генетикалық қауіптердің алдын алу.