Шерзат Полаттың ісі осы аптада сотқа түседі деген болжам бар – ІІМ орынбасары

Автор: Бақыт Шынар

Қазір істі прокуратура қарап жатыр

Фото: скриншот

Талғарда адам қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс осы аптаның ішінде сотқа кетеді. Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазір Шерзаттың ісін прокуратура зерделеп жатыр. Жуық арада, осы аптада іс сотқа түседі деген болжам бар», - деді Әділов.

Айта кетейік, ақпан айының соңында тергеушілер істі прокуратураға жолдаған еді. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы өтті, шамамен 200 куәгерден жауап алынғаны белгілі болды.