Алматы әуежайындағы оқиға: көлік полициясына қатысты қылмыстық қудалау болмайды

Автор: Аягөз Құрмаш

Олар алгоритм бойынша әрекет еткен дейді Әділов

Фото: видеодан скриншот

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматы әуежайында күдікті бір адамды кепілге алған кезде, көлік полициясы дұрыс әрекет етті ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әуежайда оқиға болған кезде көлік полициясы алгоритм бойынша әрекет етті. Күдіктіні ұстауға әрекет етті. Бұл оқиға бойынша қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде тәртіпсіздік пен кепілге алу, терорристік акт туралы жалған хабарлама да бар. Әуежай бұл адам көп шоғырланатын стратегиялық нысан. Қару қолданған адамды тауып, қаруды алу бойынша жұмыс жүргізуі керек еді», - деді ол.

Әділовтың айтуынша, оқиға орнынан табылған Мұса Әбдірайымов шынымен ерлік көрсеткен.

«Ал полиция алгоритм бойынша әрекет етті. Сондықтан оларға қатысты қылмыстық қудалау болмайды. Полиция оқиға орнынан табылды.  Одан әрі оқиғаның ушығуына жол бермеді. ІІМ басшысы әуежай мен вокзалдардағы тексеру бойынша заңнамадағы талаптарды қарастыруды тапсырды», - деді Санжар Әділов.

Еске салсақ, 7 наурызда Алматы әуежайында суық қару ұстаған азамат қызметкерлердің бірін кепілге алған еді. Кейін оқиға орнында болған азамат Мұса Әбдірайымов бойжеткеннің орнына өзі кепілге түсіп, кейін әлгі адамның қолынан пышақты жұлып алған еді.