$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада тұрғын үйдің пандусынан сырғанаған 10 жасар баланы көлік басып кетті (ВИДЕО)

Абырой болғанда, бала аман, үйінде ем қабылдап жатыр

Астанада тұрғын үйдің пандусынан сырғанаған 10 жасар баланы көлік басып кетті (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Астана қаласы Бөлекбаев көшесінің бойындағы тұрғын үйдің пандусына шығып алып, сырғанаған он жасар баланы көлік басып кетті , деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға кеше, 10 наурыз күні болған. Үш бала пандустан жолға қарай сырғанаған кезде тар көшеден өтіп бара жатқан Mitsubishi көлігі тоқтап үлгермей, баланы басып кеткен. Абырой болғанда, бала аман, емделіп жатыр.

«Он жасар бала ауруханаға түсті. Қазір тексеріс жүріп жатыр», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Ал, қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, бала қатты жараланбаған, тек денесі ауырсынып қалған.

«Баланың жағдайы жақсы. Оны дәрігерлер толық тексеріп, үйіне жіберді. Ол амбулаторияда емделеді», - деп хабарлады ДСБ баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары