Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин хабарлап, ереженің қарапайым екенін айтты
Үкімет маркетплейстерге салған салықтан 50 млрд теңге табыс көрмек. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Парламент Мәжілісінің кулуарында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Биыл маркетплейстер төлейтін салықтан бюджетке 50 млрд теңге түседі. Оның ішінде Тему, Пиндуодо, Алибаба, Амазон сияқты тағы басқа 20-ға жуық компания бар», - деді ол.
Министрдің айтуынша, ереже қарапайым, егер тауар көлемі 31 келіден асып, бағасы 200 еуродан көп болса, тауар құнынан 15% мөлшерлеме бойынша кедендік төлемдерді төлеу талап етіледі. Оны тұтынушы төлейді.