Автобус жүк көлігіне соғылған: Астанада екі адам ауруханаға түсті

Автор: Темірхан Айжан

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді 

Фото: istockphoto.com

3 наурызда Ұлы Дала мен Әл - Фараби көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусы жүк көлігіне соққан еді. Жарақат алған екі адам №1 және №2 көпсалалы қалалық ауруханасында жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Олар әрі қарай ем алу үшін ауруханаға жатқызылған. Науқастар дәрігерлердің бақылауына алынып, ем-дом жасалып жатыр. Бір науқас ауруханаға жатудан бас тартқан», - деп хабарлады Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.