Автобустың бас бөлігі қатты бүлінген
Ұлы дала мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында №26 жолаушылар автобусы жүк көлігіне соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорда полициясы жол-көлік оқиғасының себеп-салдарын тексеруді бастады. Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус жол шетінде тұрған жүк көлігіне барып соққан.
Екі жолаушы жарақат алып, медициналық көмек алуға жіберілді.
Полиция жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға, рульде мұқият болуға және жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады.