Қонаев қаласында үш кішкентай бала вагонда өмір сүріп келген (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Прокурорлар балаларды дағдарыс орталықтарына апарған

Фото: freepik.com

Алматы облысының прокурорлары «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» атты жоба аясында вагонда тұрып жатқан үш баланы тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, балалар ата-анасымен бірге шаруа қожалығының маңындағы вагонда тұрған.

«Жоба аясында 911 аз қамтылған отбасына азық-түлік, көмір және балалардың қысқы киімдері таратылды. 3 978 бала медициналық тексеруден өтті, олардың 164-і ауруханаға жатты, 155 мұқтаж отбасыға атаулы әлеуметтік көмек рәсімделді, 212 бала тұрғын үй кезегіне қойылды, 26 отбасы баспанамен қамтылды, 126 балаларға арналған іс-шара ұйымдастырылды», - деп атап өткен прокуратура.