Қазақстанда күніне 100 адамды ит қабады – депутат

Автор: Темірхан Айжан

Ал жылына 38 мың адам итке таланады екен 

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Елімізде жылына 40 мыңнан астам адамға иттер шабуыл жасаса, оның ішінде 38 мыңын ит талап тастайды. Бұл туралы депутат, «АМАNAТ» партиясы фракциясының мүшесі Еділ Жаңбыршин айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутат иесіз қалған, бұралқы иттердің адам қабу мәселесін шешуді кешенді тұрде қарау керек дейді.

«Зооқорғаушылар эвтаназия туралы дау көтеріп жүр ғой, бұл мәселеге кешенді түрде қарау керек. Көшеде жүрген бұралқы иттер ауланып, 15 күндей ұсталады. Осы уақыт аралығында иесі немесе зооқорғаушылар келіп алып кетсе, мәселе шешіледі. Егер алып кетпесе, жануар аурессивті болса, ауру туғызса, онда эвтаназияға жіберіледі. Біз заңды бірнеше елдің тәжірибесіне сүйене отырып әзірледік. Ұлыбританияда, АҚШ-тың көптеген штаттарында, Изараильде, Норвегияда көбіне эвтаназия қолданылады. Скандинавия елдері шекарадан бұралқы иттер кіріп кетсе, дереу атып тастайды. Сондықтан біз де көшедегі антисанитрияны түзеп, иттердің адамға шабуылдау жағдайларын жөнге келтіруіміз керек», - деді депутат.

Еске салсақ, бұған дейін Мәжілісте «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралған болатын.