Қарағанды облысында 8 айлық егіздердің өліміне анасы кінәлі болуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Іс прокуратураға жіберілді

Фото: ашық дереккөзден

Ақпан айында Қарағанды облысының Абай қаласында Лера мен Кирилл деген сегіз айлық егіздер өлі табылған еді. Тергеу материалдарының нұсқасы бойынша, балалар тұншығып қалған. Әзірге полиция істің мән-жайын толық айтпады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. 

«Басты күдіктілер қатарына егіздердің анасы қосылды. Полиция оған ҚР ҚК 104-бабы (абайсызда өлтіріп алу)  бойынша айып тағып отыр. Істі тергеу аяқталып, прокуратураға жіберілді», - дейді Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков. 

Әзірге анасының сол күні үйде болғаны белгілі. 26 жастағы әйелдің тағы екі баласы бар. Кінәсі дәлелденсе, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.