ҚТЖ-ның еншілес компаниясы әскери көлік-экспедиторлық қызметтердің бағасын шамадан тыс асырған

Автор: Темірхан Айжан

Компанияға айыппұл салынды 

Фото: gov.kz

ҚТЖ-ның еншілес компаниясы «KTZ EXPRES» АҚ-ның 10 миллионнан астам табысы тәркіленіп, айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«KTZ EXPRES» АҚ-ға қатысты тергеп-тексеру жүргізіліп, компанияның 2021 жылы әскери тасымалдау аясында көлік-экспедиторлық қызметтерге монополиялық жоғары бағаларды белгілегені анықталды», - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаментінен.

Акционерлік қоғам белгілеген экспедиторлық комиссиялардың Қазақстан аумағы бойынша тасымалдау құнын 30% - ға арттырған.

Сот компанияның 10 114 304,84 теңге монополиялық табысын тәркілеп, 853 379,7 теңге мөлшерінде айыппұл салды.

Тегтер: