Полицияға баланың әпкесі арызданған
Алматыдағы Жетісу ауданында кәмелетке толмаған баланы туысы зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ақпаратты полиция департаменті растады. Полицияға баланың әпкесі арызданған. Күдікті - баланың туысы. Оқиға кеше, 19 ақпан күні болған.
«Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция баланың туысын ұстады. Қазір ол тергеуге ілінген», - деп хабарлады полиция департаменті.
Осы іс аясында сот-медицина сараптамасы тағайындалған.