Іске прокурорлар араласып, дәмхана айыппұл төлемейтін болды
Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімдігі «Мақтарал» дәмханасын «террористік тұрғыдан осал объектілердің тізіміне» қосып жіберген. Полиция дәмхананы тексеріп, 738 400 теңге айыппұл салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аудан прокуратурасы «Мақтарал» қоғамдық тамақтану орталығы өзінің техникалық сипаттамалары бойынша бұл тізімге жатпайтынын анықтаған.
«Прокурордың арқасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың күші жойылды, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.