Алматы облысының тұрғыны қорасына 24 келі есірткі тығып қойған (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Бұл – 72 мың дозаға тең есірткі

Фото: istockphoto.com

Алматы облысының полициясы өзі тұратын үйге өте ірі көлемде есірткі тыққан адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, облыста тұратын 36 жастағы азамат үйінің қорасына 24 келіден астам мефедронды қаптарға салып, тығып қойған.

«Ал, облыстың тағы бір азаматынан заңсыз қару тәркіленді», - дейді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.