Жітіқарадағы Аққарға ауылының екі тұрғыны алтын іздейміз деп қымбат дүниелерінен айырылды

Автор: Бақыт Шынар

Сот олардың металл іздейтін бұйымдарын мемлекет пайдасына тәркілеп алған

Фото: istockphoto.com

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Аққарға ауылындағы Оңтүстік Тоқтаров кен орнында алтын іздеген екі адам қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Сот олардың әрқайсысына 55 380 теңге көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ құны 5 млн теңге болатын металл іздегіш құрылғылары тәркіленді.

Айта кетейік, Оңтүстік Тоқтаров кен орны еліміздегі алтын қоры бар кеніш. Олардың заңсыз әрекетін Жітіқара ауданының прокуратурасы мен шекара қызметі анықтаған.