Алматы дәрігерлері гемоглобині 54-ке түскен әйелді төртінші кесарь тілігі арқылы босандырып алды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Дүниеге дені сау ұл бала келген

Фото: скриншот

Алматыдағы Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының дәрігерлері айы-күні келіп отырған келіншекке сәтті операция жасап, ана мен баланың өмірін сақтап қалды. Бұндағы ең ауыр мәселе – жүкті әйелдің гемоглобині 54-ке дейін түскен әрі осы уақытқа дейін үш рет кесір тілігі арқылы босанған, деп жазады Azattyq Rýhy.

ДСМ-ның мәліметіне сүйенсек, жүкті әйелде ауыр анемиядан басқа тағы бірнеше теріс көрсеткіш болған. Осы қиындықтарға қарамастан, дәрігерлер баланы аман алып шығып, қаны өте азайған әйелге де өмір сыйлаған.

«Қан кетудің жоғары қаупін және науқастың ауыр жағдайын ескере отырып, операция кезінде Cell Saver Elite автотрансфузиялық жүйесі қолданылды», - деп хабарлайды ДСМ-ның баспасөз қызметі.