Бұл туралы аймақтық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады
Кеше, 9 ақпан күні Алматы облысы Қарасай ауданы Еңбекші ауылындағы мешіттен өрт шыққан болатын. Аймақтық ТЖД өрттің себебін анықтау үшін зертханаға сынақ жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, аумағы 50 шаршы метр болатын өртті 14 адам сөндірген. Қайтыс болғандар мен өрттен жараланғандар жоқ.