Жергілікті БАҚ күдіктінің әйелді мүшелеп, кесіп кеткенін жазып жатыр
Атырау облысының полиция департаменті аймақтағы жантүршігерлік өлім фактісін растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, күдікті зейнеткерді қастандықпен өлтіріп кеткен.
«62 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен 35 жастағы ер адам ұсталып, қамалды. Қазір оқиғаның мән-жайы тергелік жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі редакцияға.