Бұл оқиға өзбек қоғамында шу тудырды
Самарқанд облысында 27 жастағы Шахноза есімді келіншек тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болып, қайтыс болды. Оқиға 6 қаңтарда болған, бірақ дер кезінде көмек көрсетілмегендіктен, бұл қайғылы жағдайдың соңы өліммен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Марқұмның туыстарының айтуынша, Шахноза махалляға (мешіт жанындағы ұйым – авт) жүгінген, алайда жергілікті билік пен басқа да органдар оны қорғауға әрекет жасамаған. Тек 12 қаңтарда, анасы Ресейден келген соң, ол ауруханаға жеткізілген. Сол уақытта Шахнозаның денесінде көп көгерулер мен жарақаттар болған, бірақ дәрігерлер толыққанды тексеру жүргізбеген.
1 ақпанда оның жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылды, бірақ бірнеше күннен кейін ол көз жұмды. Медицина қызметкерлері өлімнің нақты себебін марқұмның туыстарына әлі айтпаған.
Шахнозаның анасы құқық қорғау органдарына шағымданғанмен, 16 қаңтарда полиция қылмыстық іс қозғаудан бас тартып, жағдайды жабуға тырысқан. Тек сот-медициналық сараптама жүргізілгенімен, кінәлі әлі де бостандықта жүр.
Марқұмның артында үш баласы қалды. Қоғам бұл оқиғаға наразылық білдіріп, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етуде. Nemolchi.uz құқық қорғау ұйымы істі әділ тергеуге шақырып, бұл жағдайдың қайталанбауына күш салуға үндеді.