Екіншісін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
Бүгін сағат 12:00 шамасында шұғыл құтқару тобының сүңгуірлері Орал өзенінен 5 жасар сәбидің денесін тапты деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, баланың үстінде киім болған. Яғни, суға шомылу үшін түспеген.
«Екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген Төтенше жағдайлар комитеті таратқан хабарламада.
Еске салайық, 24 қазан күні Ақжайық ауданындағы Жанама ауылында кешкі сағат тоғыздар шамасында бір үйдің 2 және 5 жасар балалары жоғалып кеткен болатын.