Трамптың саясаты Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді - вице-министр жауап берді
Қайрат Төребаев өңделген тауарлар экспорты сол қалпы қалады дейді

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Мәжіліс кулуарында АҚШ-тың Қытайға жасап отырған сауда соғысынан Қазақстан экономикасы зардап шекпей ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Вице-министр Америка сияқты ірі державалардың сыртқы саясаты экономикамызға әсерін тигізеді, бірақ өңделген тауарлар саудасына еш қатысы жоқ дейді.
«Өңделген тауарлардың экспортына жауапты министрлік өкілі ретінде айтарым: біз жақын-жуық мемлекеттерге, Өзбекстан, Ресей, Қытайға импорт жасаймыз. Ал мұнай өңделген тауарға жатпайды, сондықтан бұл сұраққа оған экономика және энергетика министрлігі жауап береді. Өңделгер тауарлардың экспорты өсіп жатыр, былтыр бүкіл экспорт 1,5 пайызға өссе, әр өңделген тауардың экспорты 5 пайызға өсті, өсім алдағы уақытта осылай қалады деп ойлаймын», - деді ол.