Қазақстанның жолдарын неге тек шетел компаниялары салады - «ҚазАвтоЖол» басшысы

Автор: Темірхан Айжан

Дархан Иманашев еліміздегі тасжолдардың 70 пайызын шетелдік компаниялар салады деген еді

Фото: freepik

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы Басқарма төрағасы Дархан Иманашев Қазақстандағы тас жолдарды салуға отандық компаниялардың неліктен аз тартылады деген сұраққа жауап берді. Ол бұған дейін еліміздегі тасжолдардың 70 пайызын шетелдік компаниялар салады деген еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дархан Иманашевтің сөзінше, шетелдік жобалар аяқталу сатысына келді, ал жаңа жобалар әлі конкурсқа шығарылған жоқ.

«Жаңа жобалардың конкурсында біз жергілікті компанияларға басымдық бердік. «Қарағанды-Жезқазған» жобаларына 43 компания қатысады. Қазірдің өзінде 12қазақстандық компания қатысуға тілек білдірді. Олар біліктілік талатарынан өтті, біз қажетті құжаттарды жобаны қаржыландыратын банкке жібердік, банктер қазір қарастырып жатыр. Бұған дейін қазақстандық компаниялар біздің халықаралық конкурстарға қатыспай қалатын. Өткен жылдар бастап жағдай түбегейлі өзгерді», - деді Иманашев.

Отандық компаниялардың құрамы қазір халықаралық стандарттарға сәйкес келеді деп атап өтті ол.