«Халықтың өміріне қауіп төндірген»: прокурорлар Алматы облысындағы 8 су қоймасын қайтарып алды

Автор: Бақыт Шынар

Олар мемлекет балансына өтті

Фото: скриншот

Алматы облысының табиғатты қорғау жөніндегі прокуратурасы 8 су қоймасын мемлекет меншігіне қайтарып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл су қоймалары сенімгерлік негізде жекеменшік тұлғалардың басқаруына берілген. Олар осы 8 су қоймасының техникалық жай-күйін сақтауға қатысты шарттарын орындамай, елемеген. Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына тексеру жүргізбеген. Бұл – халықтың өмірі мен қоршаған ортаға қауіп төндіреді», - деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасы.

Осылайша, 8 шарт бұзылып, құны 20 млрд теңгеден астам мүлік мемлекет меншігіне қайтарылған.