Алматы облысының білім басқармасы оқушылардың төбелесіне қатысты мәлімет берді

Автор: Бақыт Шынар

Қазір істі полиция тергеуге алған

Фото: Instagram/gulmir_ktk

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қонаев қаласында бір топ оқушы қатарлас бір ұлды қатты ұрып-соғып, салдарынан оқушы жансақтау бөліміне түскен болатын. Алматы облысының білім басқармасы оқиғаға қатысты комментарий берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Аталған мәселе бойынша Білім бөлімі тарапынан арнайы комиссия құрылды. Істің мән-жайы анықталуда. Полиция басқармасында іс тіркеліп, тергеу амалдары жүріп жатыр. Бүгінде оқушыға психологиялық көмек берілді. Жасөспірім ауруханада ем қабылдап жатыр», - деп хабарлайды білім басқармасы.