Екі адам түн ішінде Қостанай облысындағы шекарадан қашып өтпек болған

Автор: Бақыт Шынар

Ресей оларды көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін депорациялап жіберген

Фото: polisia.kz

Қостанай облысының полиция департаментіне қарасты экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі еліміздің Денисов ауданындағы шекарадан қашып өтпек болған екі адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, олар Ресейдің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін депортацияланған.  

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мемлекеттік шекара режимін бұзған азаматтар енді әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңнама талаптарына сәйкес Қазақстан аумағынан кетеді.