Жол апаты бүгін түнде болған
Көкшетау және Ақмола архиепископы Серапион Ресейдегі жол апатынан мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол Мәскеу қаласына, Рождествоға орай өтетін рәсімге бара жатқан.
«2025 жылдың 27 қаңтарынан 28 қаңтарына қараған түні Нижегород облысындағы Пильна ауылының маңында жол апаты болды. Көлік ішіндегі Көкшетау және Ақмола архиепископы Серапион апат орнында тіл тартпай қаза тапты», - деп хабарлайды шіркеудің сайты.