БҚО-да 2 және 5 жасар ағайынды балалар жоғалып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оларды іздеуге 30 құтқарушы мен жергілікті 200 тұрғын жұмылдырылған

Көрнекі фото

Батыс Қазақстан облысында кішкентай екі бала жоғалып кетті деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 24 қазан күні кешкі сағат тоғызда 2014 және 2017 жылғы балалардың Ақжайық ауданы Жанама ауылында жоғалып кеткені туралы хабар келіп түскен.

Ақпарат келіп түскеннен кейін балаларды іздеуге құтқарушылар, полиция мен жергілікті тұрғындар жұмылды. Орал қаласынан ауданға құтқарушылар мен кинологтар жіберілген. Қазіргі таңда Жанама ауылы мен маңайдағы өзге елдімекендерде және орманда іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.