Оның дельтапланын мемлекет өз пайдасына тәркілеп алған
Былтыр жазда Алакөлдің үстіне құлаған дельтапланның иесі тиісті рұқсат қағазын алмай жұмыс істеген. Сол үшін оған мемлекет 553 мың теңге айыппұл салып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, ол апатта екі адам жараланған еді.
«Достық» көлік прокуратурасы «SKYPPER 912» дельтапланы иесінің әрекетінен заңсыздық анықтады. Ол рұқсат қағазы болмаса да адамдардан ақша алып, Алакөлдің үстінен ұшқан. Прокуратура кәсіпкерді әкімшілік жауапқа тарту үшін істі сотқа жеткізген. Сот дельтаплан иесіне Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін 55380 теңге айыппұл салды», - деп хабарлайды прокуратура.