Қазақстанда 15 бала терроризм туралы жалған ақпарат таратқаны үшін полицияның қолына түскен (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Соның ішінде бір балаға үкім шыққан

Фото: скриншот

2024 жылы Қазақстан бойынша әртүрлі нысандарда жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы көрінеу жалған хабарламалар бойынша 247 қылмыстық іс тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, терроризм туралы жалған ақпарат берген 48 адам ұсталған, оның ішінде 15 бала бар.

«Олардың арасында 13 адам, оның ішінде бір жасөспірім жауапкершілікке тартылды. Егер жалған ақпарат айтқан адам қылмыстық жауапкершілік жасына жетпеген болса, оның ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Өткен жылы алты ата-анаға осындай жаза кесілді», - деді ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Алмас Талқанбаев.