Екі өңірде қатты аяз түсіп, жел күшейген
Павлодар облысы мен Қарағанды облыстарында бірқатар жолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін, 2025 жылғы 23 қаңтар күні сағат 18:30-да Павлодар облысындағы «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолының 137-231 шақырым, ал, Қарағанды облысында «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолының 231-324 шақырым аралығындағы (Павлодар облысының шекарасы -Ботақара ауылы) жолдар жабылды.
«Жол 2025 жылғы 24 қаңтар күні таңғы сағат 06:00-де ашылады деген жоспар бар», - деп хабарлады компания.