Маңғыстауда жасөспірімді ит талап тастады

Автор: Мақсат Әсел

Дәрігерлердің айтуынша науқастың жағдайы ауыр

Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысы Түпқараған ауылындағы Ақшұқыр ауылында 16 жастағы жасөспірімді ит талап тастады. Дәрігерлердің айтуынша науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі lada.kz-ке сілтеме жасап.

2009 жылы туған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Полиция ит иесін анықтады. Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Тәртіп сақшылары мұндай оқиғаларды болдырмау үшін ит, мысық пен үй жануарларын ұстау ережелерін түсінірді.