Ақтаудағы ұшақ апаты: қазақ көріпкелі ғажайып оқиғаға себепші болды (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол сырғаның иесі аурухана жатыр

Фото: видеодан скриншот

Осыған дейін әлеуметтік желіде қазақ көріпкелі Айгүл Бердіғалиева Ақтау маңында болған ұшақ апатының орнынан әшекей бұйым, сырғаны тауып алғанын айтқан еді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Көріпкел Айгүл Бердіғалиева Ақтау маңындағы ұшақ апаты болған жерден тапқан сырға кімге тиесілі екені белгілі болды.

Әзербайжанның 1news.az ақпарат агенттігі Айгүл Бердіғалиеваға хабарласып, сырғаның иесі болуы мүмкін адамды іздеп тапқанын жеткізген, зергерлік бұйым қазіргі уақытта Бакуде комада жатқан Халаева Хафисат Гусейн қызына тиесілі болып шықты.

Х. Халаеваның жолдасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұрын жоғалған бұйымдардың бір бөлігін тапсырғанын айтты. Алайда ол жұбайының сырғасы табылғанын білмеген.

Сондай-ақ, жәбірленушінің жұбайы редакцияға толық жиынтықтың суретін ұсынды. Осылайша, қазақстандық көріпкел Баку ауруханасында жатқан науқастың сырғасын тауып берді. Хафисат Халаева ұшақ апатынан кейін комада жатқан. Жақын күндері ол есін жиыпты.

Айта кетейік, Халаева авар ұлтынан, Әзербайжанның Балакен ауданында тұрады.

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшқан Әзербайжан ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшыраған болатын. Қайғылы оқиға салдарынан 38 адам қаза тауып, аман қалған 29 адам ауруханаға жеткізілді.

Ресми мәлімет бойынша, ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар арасында Әзербайжанның 42 азаматы, Қырғызстанның 3 азаматы, Ресейдің 16 азаматы, Қазақстанның 6 азаматы болған.